Түркістан
EN

Түркістанда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен саяси партиялар өзара меморандумға қол қойды

94
05.06.2023

Түркістанда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен Саяси партиялар өзара меморандумға қол қойды. Келісім президент  Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті 32 сессиясында айтқан тапсырмасы аясында іске асып отыр. Жиында  облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев қоғамдағы белсенді азаматтардың осылай күш біріктіріп, бірлесе жұмыс жасауы арадағы татулықты берік ете түсетінін айтты.