Алматы облысында мектепті жеке меншікке сатып жіберген. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай айтты. Оның сөзінше, Шалқар ауылында Ломоносов атындағы күрделі жөндеуден өткен мектеп бар-жоғы 15 млн теңгеге сатылып кеткен. Депутат Алматы облысының әкіміне жекенің қолына өтіп кеткен мектепті мемлекетке қайтару керек екенін жеткізді. Ол мәселені шешуге екі ай уақыт берді.