Түркістан
EN

Ветеринария саласына сын айтылды

220
05.06.2023

«Құрғақ есепке құрылған баяндама кімге керек?». Осылай деген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ветеринария саласы реформалауды қажет ететінін айтты. Сондай-ақ бұл саладағы жұмыс барысын сынға алды. Айта кетсек, ветеринария басқармасы өткен жылдың желтоқсан айында құрылған болатын. Саладағы қордаланған мәселелерді ортаға салған басқарма басшысы Ғани Құрманбай оларды шешу үшін алдағы жылдарға бюджеттік бағдарламаға енгізуді ұсынды.