Түркістан
EN

Мысырда Бейбарыс сұлтан мешіті ашылды

51
05.06.2023

Мысырда осыдан 8 ғасыр бұрын іргетасы қаланған «Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс» мешіті қайта жөнделіп, салтанатты түрде ашылды. Даңқты билеушінің 800 жылдығына орай ұйымдастырылған жиынға ата жұрттан Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысты. 13-ші ғасырда Бейбарыс Сұлтанның әмірімен салынған мешіт Каир қаласындағы ежелгі аудандардың бірінде орналасқан. Осман империясы кезінде мешіт әскери қару қоймасы қызметін атқарады. Ғимаратты реставрациялау жұмысы 1960 жылдары бастау алған. Қос елге ортақ тарихи - мәдени мұраны қалпына келтіру жұмыстарына Қазақстан да ат салысты.