«Дара ұрпақ» орталығы ашылды

44
05.06.2023 09:52

Түркістанда "Дара ұрпақ" әлеуметтік жобасы өз жұмысын бастады.  "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асқан жоба халықтың әлеуметтік осал тобына арналған. Алғашқы тренинг, шеберлік сағаттары Арыс қаласы отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне өткізілді. Мұнда олар мобилография, актерлік шеберлік, киім дизайны секілді курстардан өтті.  «Даму» қорының  5 млн теңге көлеміндегі грантын иеленген инновациялық жобаның ерекшелігі - азаматтарға өнім жасап қана қоймай, оны жарнамалау мен нарыққа шығаруына да жағдай жасауында.