Жастар театры – Түркістанда

62
05.06.2023 09:49

Астана қаласының «Музыкалық жас көрермен театр» ұжымы Түркістан қаласына гастрольдік сапармен келді. Елордалық өнерпаздар қала тұрғындарына алты бірдей қойылым ұсынбақ.  «Гауһартас», «Шәмші», «Өлі жандар», «Абай-Тоғжан», «Махаббат бар ма?», «Сахна әлемі» сынды қойлымдарды апта соңына дейін тамашалай аласыздар. Айта кетсек, театр труппасы бұған дейін Ақтау қаласында болып қайтты. Ұжым гастрольдік сапарын осы киелі шаһарда тәмамдауды ұйғарыпты.