Қайтарымсыз грант талабы өзгерді

179
02.06.2023 17:22

Биыл Түркістан облысында кәсіпкерлікке мемлекеттік грант аясында 2,3 млрд. теңге қаржы бөлінген. Бұл сома жалпы 1688 адамға жетуі шарт. Демек, ол - әркімге 1 млн 380 мың тг-ден келеді деген сөз. Төрт лек бойынша өтетін грант бөлінісінің алғашқы екі кезеңі аяқталды. Былтыр Қазығұрт ауданы бойынша 183 азаматқа бөлінген бұл қаражаттың тең жартысын жастар алған.  Оған қол жеткізгендер өз кәсіптерін бастауға қажет құрал-саймандарын сатып алған.