Отырарда алғаш рет бидай егілді

33
02.06.2023 09:23

Отырар ауданының шаруалары алғаш рет бидай егіп жатыр. Бұған дейін жүгері, қауын-қарбыз өсіріп келген олар  суды көп қажет етпейтін дәнді дақылдарды егуге көшуді ұйғарыпты. Оған соңғы жылдары ағын су жетіспеушілігі түрткі болған. Биыл диқандар бос жатқан 160 гектар жерге күзгі бидай еккен. Көктемде келген ағын суды тиімді пайдаланған бірнеше шаруа қожалық бидайдан мол өнім алуды көздеп отыр. Аудан әкімі Сәкен Сұлтанхановтың айтуынша, шаруалар өнімді алдағы бір ай ішінде түгел орып алады. Одан бөлек, аймақ басшысы өңір тұрғындарын толықтай ауыз сумен қамтуды да жеделдетеміз деп отыр.