Түркістанда түркі елдерінің жетекші бағалаушылары бас қосты. Алғаш рет өтіп жатқан халықаралық форумға бауырлас түркі елдерінен өзге Қытай, Беларусь, Грузия мемлекеттерінен де сала өкілдері қатысты. Мақсат -бағалау қызметіндегі интеграциялық процестерді кеңейту, озық технологиялар мен инвестициялық мүмкіндіктерді ілгерілету.
Іс-шара қорытындысы бойынша тәжірибе алмасу және қазіргі әлемде бағалау саласын одан әрі тиімді дамыту үшін қаржы-экономикалық нарыққа қатысушылардың іскерлік алаңын құру жоспарланған. Сондай-ақ, Түркі мемлекеттерінің бағалаушылар бірлестіктерінің кеңесін құру туралы құрылтай құжаттарына қол қойылады. Әлемдік нарыққа 150 миллионнан астам халқы бар бірлестікпен шығар болсақ, ұтымды тұсымыз көп болар еді дейді шараға қатысушылар.