«Экономикалық қауіпсіздік: өркендеу мен тұрақтылық кепілі». Түркістанда осындай атаумен профилактикалық бағыттағы акция өтті. Мақсаты- тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржылық пирамидалардың белгілерін айту, құмар, заңсыз ойын бизнестерінің, заңсыз есірткі айналымының алдын-алу. Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мұрындық болған шараға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, әділет оргнандары мен қаржылық ұйым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.