Түркістан
EN

«Елім-ай» - 300 жыл!» форумы өтті

113
02.06.2023

Қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған қасіретті жылдардың азалы үні - «Елім-ай» дастанына биыл  300 жыл. Атаулы датаға орай, бүгін Түркістан қаласындағы "Фараб" кітапханасында конференция өтті. Басқосу барысында 1723 жылы елімізге тұтқиылдан тап берген жоңғар шапқыншылығы, қазақтың басына үлкен нәубет жылдар баяндалды. Жиынға елімізге еңбегі сіңген қайраткерлер мен ардагерлер қатысты.