Түркістанда «Елім-ай жыры және Қожаберген батыр - қазақ елінің намыс пен ерлік айнасы» атты мүшайраның жеңімпаздарын анықтау үшін қызылар алқасы арнайы отырыс өткізді. Республикалық байқау наурыз айында жарияланған. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 32 ақын өз жыр-шумақтарын ұсынған. Қазылар алқасы басқосу барысында өз шығармашылығымен ерекшеленген 6 қатысушыны анықтады. Енді 2-маусым күні оқ бойы оза шапқан жеңімпаздар облыс орталғында салтанатты түрде марапатталады.