Енді мектеп директоры 5 жылға тағайындалады. Бұл туралы Білім және ғылыми министрі жариялады. Бүгінде елімізде 700-ден астам мектеп директорының орны бос. Олардың орнына мекемені уақытша міндетін атқарушылар басқарып отыр. Ал жаңа ережеге сәйкес, директордың міндетін атқарушы бұл лауазымда үш айдан артық қызмет ете алмайды. Сондай-ақ директордың міндетін уақытша атқаруға тек бір рет мүмкіндік берілмек. Осы аралықта байқау өткізіліп, жаңа директор тағайындалуы тиіс. Мектеп директорының орны босай салысымен, бұл қызметке байқау жарияланғаны туралы ақпар ресми сайтта жарияланады.