Келес ауданында көктемгі егіс жұмыстары қыза түсті. Диқандар егістік алқабын тазалап, жер жыртып, егін егуді бастап кетті. Биыл бұл мақсатқа ауданда 27 мыңнан астам гектар жер қарастырылған. Оның 11 мың гектарына бақша мен көкеніс егілген. Былтыр дәл осы жерден 458 359 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналған. Шаруалар арасында кеш пісетін пияз түрін еккендер биыл оның гектарынан 90 тонна өнім алуды жоспарлап отыр.