Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан 16 жастағы жасөспірім ажал құшты. Cкутер жүргізіп келе жатқан жеткіншек Жангелдин және Қонаев көшелерінің қиылысына келе бергенде, қатты екпінмен келе жатқан Toyota автокөлігі қағып өткен. Салдарынан скутер тізгіндеген бала оқиға орнында мерт болды. Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осындай оқиғалардың кейінгі кезде жиі орын алуына байланысты құзырлы орган өкілдері скутер жүргізушілеріне велосипед жолымен немесе жолдың оң жақ шетімен жүруі керектігін ескертті.