1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Балалардың игілігі үшін" гала-концерті өтті. Шарада республикалық және халықаралық байқаулардан жүлделі оралған 15 оқушы марапатталды. Оларға 200 мың теңгенің қаржылай сертификаты табыс етілді. Одан бөлек, облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы қатысып, жас өрендерге жылы лебізін білдірді.