Түркістан
EN

Қазақстанда 160 мыңнан астам ерекше білім алуға қажеттіліктері бар бала бар

140
26.08.2021

Елімізде ерекше білім алуға қажеттілігі бар 160 мыңнан астам бала бар.  Оның 35 мыңы аутизммен ауырады. Осы орайда, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осындай балалардың ата-аналарымен кездесті. Жалпы құрылғанына 10 жыл толған «Болашақ» қорының негізгі бағыттарының бірі «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасы.  Осы жылдар ішінде өңірлерде 59 мамандандырылған оңалту мекемесі ашылып, жабдықталды. Бұдан өзге, 2 мың маман мен ата-ана арнайы дәріс алған.  Бүгінде аталған қор аясында 600 бала мектепте білімін жетілдіруге мүмкіндік алды.