Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс әкімі жанындағы қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссия мүшелерін қабылдады. Жиында осы құрамның 33 томдық материалдар жинағы мен белгілі журналист Мариям Әбсаттардың «Алаш зиялыларының соңғы сөзі» кітабы өңір басшысына табыс етілді. Дархан Амангелдіұлы қоғам белсенділерінің ұсыныс-тілектерін тыңдап, еңбектеріне алғыс білдірді.