Түркістан облысынан Солтүстік өңірлерге 50 жанұя қоныс аударуға ниет білдірді. Бүгін олар Сайрам ауданында теріскейдегі жағдайды көріп келу үшін арнайы көліктермен жолға шықты. Егер солтүстік аймағы халықтың көңілінен шықса, көшіп бара алады. Алыс жолға сапарға шыққан азаматтарға елдің зиялы қауым өкілдері сәт-сапар тілеп, шығарып салды. Тақырыпты толығырақ Өркен Мырзабек әңгімелейді.