Әуежай маңындағы 1200-ден астам жер учаскесі заңсыз берілген. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі үкімет отырысында мәлімдеді. Марат Қарабаевтың айтуынша, бүгінде әуежай комиссияларының келісімінсіз 100 мыңнан астам нысан салынған. Заңсыз құрылыс негізінен Алматы, Шымкент, Атырау және Ақтөбе қалаларында жүргізілген.