Түркістан
EN

Босқындар өзге елдердің шекарасына жетіп көз жұмуда

135
26.08.2021

Ауғанстандық босқындар Түркияға жетпей ажал құшып жатыр. Ал, Түркия үкіметі олардың бейіттеріне бар болғаны «ауған» деп жазып, сандық ретін ғана қойып үлгеруде. Таулы және шөлді жерлердегі ауа райына шыдамай қаза тапқандармен қатар, шекарашылардың оғынан мерт болғандар да бар. Ең сорақысы, босқындарды алдағы уақытта не күтіп тұрғанын ешкім айта алмайды.