Түркістан
EN

TikTok желісінде құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды

58
30.05.2023

TikTok желісінде құмар ойынды ұйымдастырған 2 адамға қатысты сот үкімі шықты. Олар Алматы қаласының тұрғындары. Сондай-ақ, желілік талдау нәтижесінде мамандар онлайн ойынды тарататын 100-ден аса аккаунтты анықтаған. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, қазір TikTok желісінде құмар ойындар көптеп таратылып жатыр. Негізінен бұл карта ойыны, сүйек лақтыру және онлайн рулетка. Барлық жерде бәс тігуге шақырады. Ал агенттік өкілдері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.