Түркістан облысы несиесін қайтара алмай жүргендер бойынша республикада көш бастап тұр. Мәселен, наурыз айынан бастап облыста 8 мыңнан астам тұрғын банкроттыққа өтініш беріп үлгерген. Алайда оның 6938-інің өтініші қабылданбаған. Себебі борышкерлердің көпшілігі несие санын дұрыс көрсетпейді екен. Бүгін облыстық кірістер департаментінің мамандары берешегі бар тұрғындарға арнап семинар өткізді. Жиында азаматтардың өтініші неліктен қабылданбайтынын айтып, басты талаптарды түсіндірді.