Жыл басынан бері Түркістан облысында 20 адам cуға кеткен. Олардың 15-і кәмелет жасына толмаған балалар екені анықталып отыр. Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті суға батқан балалардың барлығы дерлік ата-ана назарынан тыс суға түскенде жазатайым оқиғаның құрбаны болғанын айтады. Осыған орай өңірдегі су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілетін болады. Шомылуға арналған арнайы орындар ашылады. Ол жерлер арнайы құтқарушылармен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, қайғылы оқиғалардың тағы бір себебі – азаматтардың судағы қауіпсіздік ережелерін дұрыс ескермеуі.