Түркістан
EN

Түркістан облысының әкімі жеке қабылдау өткізді

214
30.05.2023

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс тұрғындарын жеке қабылдады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен ашықтық қағидатына сәйкес өткен кездесуде жиналған жұртшылық сумен қамту, жұмысқа орналастыру, жер телімін бөлу мәселелерін көтерді. Өңір басшысы қабылдауға жазылған азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары бойынша заңды түрде шешу жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ олар орындалғанша өзі бақылауда ұстайтынын айтты.