Жүргізуші Қорғас кеден бекетінен заңсыз қаржы мен темекі алып өтпек болғандар құрықталды. Қытай халық республикасының азаматынан 20 000 АҚШ доллары сомасында декларацияланбаған қаражат табылған. Сол сияқты, тағы бір азаматтан 10 000 АҚШ долларына және 270 000 теңгеге жуық декларацияланбаған қаражат тәркіленді. Одан бөлек ел азаматына тиесілі жүк көлігінен пакетке оралған 6 млн теңге табылған.