Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына арнайы сапармен барды. Сапар барысында теріскейдегі егістік алқаптарын аралады. Мемлекет басшысы жұмысымен танысқан «Дайындық Агро» шаруа қожалығының иелігінде 15,8 мың гектар егісітік алқабы мен 4,2 мың гектар жайылымдық жері бар. Шаруа қожалық басшысы биыл бидайдың аустриялық сортын егіп, гектарынан 25 центнер өнім алуды жоспарлап отыр. Президент облыс басшылығына ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу ісін одан ары дамытуды тапсырды.