Түркістан
EN

Індет жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті

128
26.08.2021

Израильде жаңа вакцинация науқаны сәтті аяқталғанына қарамастан, ауруға шалдыққандардың саны рекордтық көрсеткішке жетті. Індеттің таралуына дельта нұсқасының өршуі себеп болған. Тіпті екпе алғандардың арасында да вирустың бұл түріне шалдыққандар көбейген. Ел билігі короновирустың тоғыз мыңнан аса жағдайын анықтады. Бұл бір күндегі ең жоғары көрсеткіш. Ал ауруханалардағы науқастардың басым бөлігі вакцина алмаған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, препараттың 3-ші дозасын 1,5 миллионға жуық адам алған.