Түркістан
EN

Назарбаев университетінің президенті қызметінен кететін болды

54
29.05.2023

Назарбаев университетінің президенті қызметінен кететін болды. Университет мәліметінше, Шигео Катсу бұл қызметті 13 жылға жуық атқарып, өз лауазымынан кету туралы шешім қабылдаған. Президенттік қызметінен кеткеннен кейін Назарбаев университетінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі ретінде қызметін жалғастырмақ. Айта кетсек, жуырда Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Назарбаев универсиетіне қомақты қаржы бөлінгенін, бірақ Қазақстан ғылымында айтарлықтай жетістік жоғын айтып оқу орнын сынға алған болатын.