Сауран ауданында Құран оқыса ғана ағатын бұлақ бар. Тылсымға толы бұлақ Жылаған ата үңгірінде орналасқан. Судың неге қасиетті аяттарды оқығанда ғана ағатынын ешкім дөп басып айта алмайды. Аңыздан тұратын әңгімеге қаншалықты сенуге болады? Мұны білу үшін облыс орталығынан 80 шақырым жердегі құпияға толы үңгірге тілшіміз Бағдәулет Анарбай арнайы барып келген болатын.