"Қазақстан қандай да бір одақтас мемлекет құруға немесе құрамына кіруге ниетті емес". Қоғамда елдің Еуразиялық экономикалық одақпен қатынасы қызу талқыланып жатқан шақта президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай осылай деп мәлімдеді. Ол экономикалық интеграцияның "халық үшін маңызын" атап өтіп, одаққа мүше Ресей мен Беларусь өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейіне шықты" деп президент Қасым Жомарт Тоқаевтың Мәскеуде айтқан сөзін еске салған. Сондай-ақ, ол Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграция тек қана экономикалық сипатта ғана жүруі керек. Бұл – президенттің негізгі ұстанымы. Оның шеңберінен шығу ұйымның жарғылық құжаттарының мақсаттарына, принциптері мен міндеттеріне қайшы келеді деп жазды.