Елордалық әдебиетшілер Түркістанға 4000-нан кітап сыйға тартты. Күллі түркі жүртының астанасы болған шаһарды рухани байлықтың қайнар көзіне айналдыру үшін ең алдымен кітапхана қорын дамытуды қолға алу керек деген қоғам қайраткерлері, облыстың 5-жылдық мерейтойымен құттықтауды да ұмытпады. Айта кетейік, Түркістан облысындағы 400-ге жуық кітапхананың ұлттық идеологияны дамытуға арналған кітап қорын байытуға 20 000 кітап жинау акциясы бастау алған болатын. Бағдарлама барысында өңір әдебиетшілері Жамбыл облысында бастаған кездесуін Астананың төрінде жалғады.