Түркістан
EN

Балалар әлеуметтік желіге кіре алмайды

85
25.05.2023

 Қазақстанда бұдан былай балалар ата-анасының рұқсатынсыз әлеуметтік желіге тіркеле алмайды. Әзірге бұл - жоба. Құжат 6 маусымға дейін талқыланады. Егер қабылданса, кәмелетке толмағандар Instagram, Facebook, WhatsApp, т.б платформаларға заңды өкілінің рұқсатынсыз тіркеле алмайды. Басты мақсат - балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, суицидтің алдын алу.