Бір отбасының шамасы жетпейтін күрделі, ауқымды жұмыстарды тезірек бітіру үшін бүкіл ауыл жұмылады. "Асар" деп аталатын қазақтың жанашырлықтан туған бұл дәстүрі бүгінде әсіресе еліміздің оңтүстігіндегі ауылдарында жақсы сақталған. Соның жарқын үлгісін Жабағылы ауылынан көрген тілшіміздің сюжетіне кезек берейік.