Оңтүстікте қымыз десе, бірінші "Диханкөлдің қымызы" ойға оралады. Бал татитын ұлттық сусын еліміздің тұрғындарынан бөлек, шетелдіктерге де танылып үлгерген. Брендтке айналған Диханкөл қымызының құпиясы неде? Біздің тілшіміз көз тоймас табиғатымен кез келген жанды баурайтын, көрікті мекенге арнайы барып, ұлттық сусынның дәмін татып келді.