Түркістанда қаланы көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Қазір шаһардың орталық көшелерінде гүлзарлар көбейген. Мыңдаған сәндік өсімдіктер қаланың көркіне көрік қосып қана қоймай, туристерді тартуға да ықпал етуде. Сондықтан жасыл желекті күтіп-баптау оңай шаруа емес. Қаланың гүлденуіне ат салысып жүрген жандардың жұмыс барысымен әріптесіміз Бақтыгерей Оразхан танысып келген болатын.