Түлкібастағы шағын елді мекен халықты табиғи өніммен қамтамасыз етуде. Шақпақ баба ауылындағы сүт өнімдерін шығаратын зауыт мемлекеттік бағдарламаның көмегімен іске қосылған. 3 миллион теңге грант жеңіп алған кәсіпкер қазір өнімдерін Қазақстанның түкпір-түкпіріне жөнелтіп жатыр.