Биыл облысымызда жазғы сауықтыру лагерлерінде 40 мыңнан астам бала демалады деп күтілуде. Оның 23 мыңға жуығы әлеуметтік жағдайына байланысты, 3 400 ге жуығы «Қазақстан халқына» қоры есебінен тегін демалмақ. Ал, мыңнан аса оқушы республикалық оқу-сауықтыру лагерінде сауықтырылады. Оларға сапалы қызмет көрсету үшін облысымызда 17 сауықтыру лагері 6-8 ауысымда жұмыс істейді.