Түркістан
EN

«Талибан»: 31 тамызға дейін АҚШ әскері ауған жерінен кетуі керек

95
25.08.2021

Төрткүл дүние көз тігіп отырған Ауғанстаннан кетуге асыққандардың қарасы қалың. Салдарынан әуежайда тәртіпсіздіктер басылмай тұр. Жалпы кейінгі бір аптада шамамен 20 адам эвакуациялық рейстерге өтпек болып көз жұмған. Ал 31-і тамызға дейін АҚШ әскері Ауғанстаннан шығарылуы тиіс. Талибан қозғалысының өкілдері болса, эвакуация мерзімін ұзартуға келіспейтіндіктерін жеткізді. Яғни шетел әскерін тамыздың соңына дейін түгелдей елден шығарсын деген талап қойып отыр.