Түркістан
EN

Облыс әкімі Төле би ауданына іс сапармен барды

21
22.05.2023

«Қолдан келмесе, орынды босат. Халыққа шын жаны ашитын азаматтарға жол бер». Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Төле би ауданына жұмыс сапарында осындай қатаң ескерту жасады. Бұған себеп аудандардағы тозығы жеткен мәдениет пен білім беру нысандарының көптігі. Сондай-ақ, өңір басшысы көшелер мен жол сапасының да көңіл қуантпайтынын айтты. Көшпелі мәжілісте аудандағы экономикалық, әлеуметтік, инфрақұрылым мәселелері талқыланды. Басқосуда көтерілген тақырыптардың бірі - өңірдегі инвестициялық жобалар. Аудан бюджетін игерумен ғана отыру жеткіліксіз екендігін сынға алған Дархан Сатыбалды өңірдің артықшылықтарын пайдаланып, туризм саласын арттыруды тапсырды. Жаңа өндіріс орындарын ашып, халықты жұмыспен қамту шаралары бойынша бірқатар тапсырмалар берді.