Астанада "Qazaqstan Live Fest 2023" халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Практикалық семинарлар, дөңгелек үстелдер мен спорттық іс-шаралар да қамтылған шарада түрлі елден келген мамандар туризм мен қызмет көрсету саласы бойынша пікір алмасады. Көрме ертең аяқталады. Оған еліміздің әр облысынан өкілдер қатысып, шетелдік қонақтарға өздерінің туристік әлеуетін таныстырады. Халықаралық басқосудан Түркістан облысының делегациясы да тыс қалмады.