Түркістан қаласында жаңа технологиямен темір қоршау шығаратын зауыт бар. Кәсіпорын айына 60 тоннаға жуық өнім шығарады. Жоба құны 500 миллион теңгеге бағаланатын нысанда 20-ға жуық адам қызмет етеді. Ел ішінде зор сұранысқа ие зауыттың тыныс тіршілігімен әріптесіміз Нұрдәулет Сыздық танысып қайтты.