Шардаралық тұрғынның үйінен 2 500 түп көкнәр тәркіленді. Күдікті құрамында есірткісі бар өсімдікті өз ауласында өсірген. Азаматтың баспанасын тінту барысында 2500-ден астам көкнәрға ұқсас есірткі, кептіруге дайындалған 80 түптен астам өсімдік анықталған. Одан бөлек, қапшыққа оралған салмағы 100 граммдық есірткіге ұқсас заты да бар. Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.