Түркістан
EN

Ауғанстанда Украинаның ұшағы ұрланды

63
25.08.2021

Белгісіз біреулер украин ұшағын Ауғанстаннан ұрлап кетті. Әуе көлігін басып алғандар сосын Иранға бағыт алған. Бұл туралы Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Евгений Енин мәлімдеді. Оның айтуынша, Ауған жеріндегі украиндықтарды эвакуациялау қиынға соғуда. Себебі ол азаматтар әуежайдың ішіне кіре алмапты. Алайда кейінірек Украина Сыртқы істер министрлігінің өкілі Олег Николенко украин ұшағын басып алу туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты. "Оның сөзінше,  Ауғанстаннан эвакуациялауға тартқан барлық ұшақтар "Украинаға қауіпсіз оралыпты. Үш ұшақ елге 256 адамды алып келген.