Түркістан
EN

Түркістан облысының тұрғыны алтынға ұқсас әшекейлерді ломбардқа 4 миллион теңгеге өткізген

137
19.05.2023

Жетісайлық тұрғын бижутерияны алтын деп алдап, ломбардқа 4 млн теңгеге өткізіп жіберген. Шағымданушы ер азаматтың айтуынша, әйел ломбартдың тұрақты тұтынушысы болған. Күдікті әуелі шын алтын өткізіп сенімге кіріп, содан кейін қабылдап алушының көзін ала бере әшекей алқаларды қосып жіберген. Үнемі келіп жүретін тұрақты клиент болғандықтан, ломбард қызметкерлері оған сенген және кей бұйымдардың жасанды екенін байқамай қалған.