Түркістан
EN

Орал қаласында африкалық асаба ұсталды

185
19.05.2023

Орал қаласында африкалық асаба ұсталды. Сомали азаматының жасы 25-те. Тойдан нәпақасын теріп жүрген оның виза уақыты әлдеқашан аяқталып қалса керек. Енді ол туған жеріне қайтарылады. Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын жігіт оңтүстіктің тойларында жүріп қазақ тілін барынша еркін меңгеріп алыпты. Қазақ тойларында қызмет көрсетіп жүрген ол мұнда жалғыз емес екен. Айтуынша, туған ағасы Тараз қаласында тұратын көрінеді.