Өскемен қаласында тұрғын үйдің балконы қирап, әйел адам үшінші қабаттан жерге құлап түсті. Абырой болғанда, жақын маңда медицина орталығы болып, жедел жәрдем келгенше алғашқы көмекті солар көрсеткен. Куәгерлердің айтуынша, балкон әйел кір жайып жатқанда опырылып түскен. Оны ауруханаға алып кеткенде үйде 6 айлық бала қараусыз қалған. Туыстары кейіннен жеткен. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің ақпаратына сүйенсек, балконнан құлаған келіншектің өміріне ешқандай қауіп жоқ.