Түркістан
EN

Кіре беріс есік баланы басып қалды

50
19.05.2023

Алматыда көпқабатты үйдің кіре беріс есігі құлап, баланы басып қалды. Оқиға «Алма Сити-2» тұрғын үй кешенінде болған. Оқушы бала есіктің тұтқасын тартып ашып қалғанда, сыртқы есіктің үстіне қалай құлағаны маңдайшадағы бейнебақылауға түсіп қалған. Яғни, ол есікті тартып, жұлқып ештеңе істемегені айдан-анық көрініп тұр. Алайда, пәтер иелері кооперативінің төрағасы Қанат Қайырбаев "ұқыпсыз пайдаланған" деп тұрғындардың өзін кінәлап отыр. Ал, зардап шеккен бала жедел жәрдем көлігімен №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оқушының миына зақым келмегенін, жағдайы бірқалыпты екенін хабарлады.