Түркістан облысында бірнеше бағыт бойынша инвестициялық жоба жүзеге асады. Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында айтылды. Мәселен, Бәйдібек ауданында жалпы құны – 1,8 млрд. теңгелік мырыш өндіру жобасы қолға алынған. Жүзеге асса, тұрақты 200 адам жұмыспен қамтылмақ. Ал, келесі кәсіпкер жұмыртқа, тауарлық құс еті мен шұжық өнімдерін өндіретін фабрика салуды ұсынды. Алайда оны іске асыру үшін 40 гектар жер мен электр қуаты қажет. Облыс әкімі бұл ұсыныстарды мұқият тыңдап, жобаны сапалы атқару қажет екенін айтты.