Түркістандық фермерлер суға 2,5 есе артық ақша төлеп отыр. Бұл туралы Сенатор Әлишер Сатвалдиев Сенат отырысында мәлімдеді. Халық қалаулысы «Отырар және Сауран ауданының шаруалары суармалы суға текше метрі үшін 700 теңге төлесе, сол су көрші аудандарда 285 теңгеге саудаланады»,- дейді. Ал аталмыш өңір тұрғындарының 60 пайызы егін шаруашылығымен айналысады. Осыған байланысты аталған аудандардың шаруа қожалықтары үшін тарифті төмендетуі қажет екенін айтты. Сондай-ақ «ҚазСуШарға» тиесілі ішкі арналарды «Тұран-су» коммуналдық кәсіпорнының балансына беруді сұрады.